Атырау облысында 31 мың гектар игерілмеген жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Атырау облысы прокуратурасының қадағалау актілерімен мемлекетке игерілмеген жалпы көлемі 31 432 га, құны 196 млн теңге ,jkfnsy 16 жер учаскесі қайтарылды.

NEGE

Алматы, NEGE. Мысалы, 137 жер қойнауын пайдаланушымен 65 млн теңге ауыл шаруашылығы шығындары мемлекет кірісіне аудармағаны анықталып, прокуратураның актісімен бүгінгі күні 13,8 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақты (АЭА) тексерумен, сенімгерлік басқару шартын бұзу арқылы, «Атырау Нефтехим» ЖШС-не тиесілі мақсатына сәйкес игерілмеген құны 1,6 млрд теңгенің (106 га) жер учаскесі АЭА меншігіне қайтарылды, өз міндеттемелерін орындамағаны үшін, соңғысы АЭА қатысушылары қатарынан шығарылды.

Басқа жағдайда, ұзаққа созылған сот процестерінен кейін, прокурорлық қадағалау актісі негізінде «Кипрос» ЖШС-не тиесілі Атырау қаласында пирс салуға арналған 3,46 га жер учаскесі мақсатына сәйкес пайдаланылмауына байланысты мемлекет меншігіне қайтарылды, жердің нарықтық құны – 250 млн теңге. 

Жер заңнамасын қолдану саласындағы жұмыс облыс прокуратурасының үнемі бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты