Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Өңір тұрғындарының Атырау мұнай өңдеу зауытынан шығатын күкіртсутектің иісіне қатысты жаппай шағымынан кейін жарты миллиард теңгеден астам қаражат өндірілді.

anpz.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ақпан айының ортасында аяқталған экология департаментінің жоспардан тыс тексерісі күкіртсутек, күкірт диоксиді және көміртек оксидтері бойынша шығарындылар шекті мөлшерден айтарлықтай асқанын растаған.

Нәтижесінде сот компанияға 520 миллион теңге айыппұл салды.

Кәсіпорын тексеріс қорытындысын жоғары инстанцияларда даулап көруге тырысқанымен, сот шешімді өзгеріссіз қалдырып, зауытты айыппұл төлеуге міндеттеді.

Бұған дейін Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынғанын жазған едік. Қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдай кезеңінде «Казцинк» кәсіпорнынан шығарылған зиянды заттардың мөлшері белгіленген шектен 3,5 есеге дейін асып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті