Атып түсірілген тікұшақтың видеосы шықты

Түркияның Anadolu агенттігі Сирия әскери-әуе күштерінің содырлар атып түсірген түкұшағының видеосын жариялады.

Алматы, NEGE. Түсірілімнен жалынға оранған ұшақтың зымыран соққысынан кейін жерге қарай құлдилап құлап бара жатқанын көруге болады.

Бұған дейін РИА-Новостидегі дереккөз Сирия әскерінің тікұшағы Идлиб провинциясында зымыранмен атып түсірілгені жөнінде хабар таратқан. Бүкіл экипаж мүшелері қайтыс болды.

Бұл осы аптадағы екінші түкұшақ апаты. Сейсенбіде «Джебхат ан-Нусра» ұйымының террористтері Сирияның әскери-әуе күштерінің тағы бір тікұшағын атып түсірген болатын. Ол кезде де экипаж мүшелерінің ешқайсысы аман қалмаған.