Аты аңызға айналған Тайсон мен Холифилд жекпе-жекке дайындалып жатыр

Ауыр салмақтағы аты аңызға айналған америкалықтар Эвандер Холифилд пен Майк Тайсон үшінші рет рингте кездеседі. Жекпе-жек 29 мамырда Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium-да өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Холифилд қауесеттерге жауап берді.

"Бәрі күшінде! Мен дайынмын! Тек осы жолы тістемей айқасуды сұраймын!", - деді ол.

Холифилд 1997 жылы маусымда өткен реванш жекпе-жек туралы айтып отыр. Ол кезде Тайсон Холифилд сүзгілене берген соң, құлағын тістеп алған. 

Осыдан кейін рефери жекпе-жекті жалғастырмақ болған, бірақ көп ұзамай жағдайды көріп Тайсонды дисквалификациялайды. 

Бірінші жекпе-жекте де (1996 жылы қараша) Холифилд жеңген, ол кезде қарсыласын шаршатып, соңғы раундтарда нокаутқа түсірді.

Тайсон үшінші жекпе-жек туралы өткен аптада бірінші болып жариялады.

"Бәрі білгенін қалаймын. Холифилдпен жекпе-жек 29 мамырда өтеді. Бұл жолы мен жеңемін", - деді ол.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Тайсон Рой Джонспен көрме жекпе-жек өткізіп, екеуі тең түсті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?