Аты аңызға айналған Пеле ауруханаға түсті

Бразилиялық футболшы Пеле ауруханаға түсіп қалды.

Алматы, NEGE. Бразилиялық БАҚ-тың мәліметінше, 80 жастағы футболшы есін жоғалтқан. Пеленің денсаулығының нашарлауының себептерін анықтау үшін оны Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн атындағы аурухананың қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырған. Кейінірек Пеле өзінің Twitter-інде есін жоғалтқанын, бірақ қазір өзін жақсы сезінетіні туралы жазды. Ол қазіргі кезде коронавирус пандемиясынан жоспарлы тексерістен өтіп жатқанын айтты.

Футболшы тіпті келесі жексенбіде алаңға шығатынын айтып әзілдеді. Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) Бразилияның құрамында әлем чемпионатын үш рет жеңген. Ол Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша жүз жылдықтың ойыншысы атанды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады