2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Атбасар тұрғыны бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті

Ақмола облысының Атбасар қаласында 34 жастағы ер адам тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Куәгерлер оның терезе алдындағы тақтайда ілініп тұрып, құлап кеткен сәтін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды kris_p_astana.

Ер адамның неліктен пәтердің терезесіне шыққаны әзірге белгісіз.

Зардап шегуші аман қалды, бірақ жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның ішкі ағзалары зақымданған, басынан жарақат алып, травматикалық шок күйіне түскен. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күресіп жатыр.

Полиция тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, содан кейін процессуалдық шешім қабылданады.