Атаулы әлеуметтік көмек 274 мың қазақстандыққа тағайындалды

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 51 мың отбасындағы 274,4 мың адамға тағайындалды. Төлемнің жалпы сомасы — 24,6 млрд теңге.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған.

АӘК-тің басты мақсаты — отбасыларды қиын жағдайдан шығару, яғни ақшалай қолдау көрсету және еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға тарту.

АӘК аясында:

– табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек төленеді;

– табысы аз отбасылардағы 1–6 жас аралығындағы әр балаға ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем беріледі (қазіргі таңда 84,6 мың балаға 3,2 млрд теңге бөлінген);

– отбасыларды жұмыспен қамту үшін гранттар, оқыту және жұмысқа орналастыру шаралары іске асырылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?