Атауы жоқ: Бұрынғы McDonald’s мейрамханалары қайта ашылды

Алғашқы кезеңде Алматыдағы 5 мейрамхана ашылды. Food Solutions KZ ЖШС мейрамханалардағы барлық қызметкердің жұмыс орны, жалақысы және басқа да еңбек шарттары толық сақталатынын хабарлады.

Алматы, NEGE. Food Solutions KZ ЖШС мейрамханалардағы барлық қызметкердің жұмыс орны, жалақысы және басқа да еңбек шарттары толық сақталатынын хабарлады.

Бұған дейін бұрынғы McDonald's желісінің сайтында: "Сен жақсы көретіннің бәрі жақын арада", - делінген хабарландыруда. Сондай-ақ, желінің маңдайшалары жаңартылып, онда "Біз Ашықпыз", - деген хабарландыру пайда болған.