«Атамекен» ҰКП-ның экс-басшысы Абылай Мырзахметов 30 млн доллармен ұсталды
'Атамекен' ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметова 30 млн доллар (13,3 млрд теңге) көлемінде пара алғаны үшін ұсталды.
Алматы, NEGE. Антикор оның ұсталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады.
Айта кетсек, Абылай Мырзахметов 2022 жылы ақпанда "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Ол өзіне тағылған сынмен келісетінін айтып, Ұлттық палатаның кезектен тыс IX съезінде мәлімдеме жасаған болатын.