«Атамекен» әніне бейнебаян түсірілді

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы танымал патриоттық әнге түсірілген туынды ұсынды.

Ауқымды жобаға белгілі әншілер мен ел тұрғындары қатысқан.

Алматы, NEGE. Республика күніне арналып түсірілген Ескендір Хасанғалиевтің композициясына 700-ден аса қазақстандық ат салысқанын жазды Tengrinews.kz. Жаңа бейнебаян Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Атырау және Қарағанды облыстарында түсірілген.

"Атамекен" әнін белгілі қазақстандық әншілермен бірге ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, Ұлттық ұлан жауынгерлері, Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері, "Ембімұнайгаз" кәсіпорнының мұнайшылары, Т. Күзембаев атындағы шахта кеншілері, Қарағанды машина жасау зауытының көлік құрастырушылары, теміржолшылар, "Родина" агрофирмасының мамандары, Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, сондай-ақ елордадағы өнер және спорт мектебінің тәрбиленушілері орындаған.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады