«Атамекен» ҰКП-ның бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады

«Атамекен» ҰКП-ның бұрынғы төрағасы, алаяқтық үшін сотталған Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Сотталушы Абылай Мырзахметовтің өтінішхаты Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына түсті. Онда шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған. Өтінішхат 2 мамырда тіркелді. Заң бойынша бір ай мерзім ішінде қарастырылады», – деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Аблай Мырзахметов 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бауырына 30 миллион долларға қылмыстық істі тоқтатуға көмектесемін деп уәде берген. Сот үкімімен одан 5,8 миллиард теңге тәркіленген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?