Атамбаевтың ұлы: әкемнің жағдайы нашар

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы нашарлап кеткен. Бұл туралы оның ұлы Сейіт Атамбаев хабарлады.

Алматы, NEGE. Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Сейіт Атамбаев былай деп жазды: «Әкемнің қан қысымы қауіпті дейгейге дейін төмендеп кеткен. Дәрігерлер оның кез-келген уақытта инсультке, не инфарктке ұшырап қалуы мүмкін екенін айтып отыр».

Соңғы тексеру кезінде Алмазбек Атамбаевтың қан қысымы 76-да70 дейгейін көрсетсе керек.

Қырғызстанның қауіпсіздік қызметі тамыздың 7-8 күндері Қой-Таш ауылындағы резиденциясында экс-президент А.Атамбаевты ұстау шарасын жүргізген. Атамбаевтың жақтастары мен арнайы жасақ арасында қақтығыс туып, бір сарбаз қайтыс болған. Сондай-ақ, 136 адам зардап шеккен еді. Содан бері Атамбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. 

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді