Атамбаевтың ахуалы нашар

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың денсаулығының күрт нашарлап кеткендігі мәлім болды. Мұндай ақпаратты оның ұлы Сейид хабарлап отыр.

Алматы, NEGE. «Менің әкемнің қан қысымы өте төмен. Дәрігерлердің айтуынша, бұл кез-келген уақытта инсульт немесе инфарктқа әкеліп соғуы мүмкін», – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Сейид Атамбаевтың айтуынша, экс-президенттің соңғы қан қысымының өлшемі 76-60 болған.

Естеріңізге сала кетсек, 7-8 тамызда Қырғызстанның арнайы қызметтері экс-президент Атамбаевты астанадан 20 шақырым жерде орналасқан Қой-Таш ауылындағы резиденциясында ұстау үшін операция өткізді. Бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасындағы екі күндік қақтығыста арнайы жасақтың 1 жауынгері көз жұмып, 136 адам жарақат алған.

Содан бері Атамбаев республиканың Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында қамауда. Оған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген айыптар тағылып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді