Атамбаевқа тағы айып тағылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа «арнайы жасақ жауынгерінің өліміне кінәлі» деген айып тағылды. Бұл жайында Интерфакс хабарлады.

Алматы, NEGE. Экс-президенттің адвокаты Замир Жоошевтің айтуынша, қамауда отырған Атамбаевқа айыптау туралы хабарлама берілген.

Биылғы жылдың тамыз айында Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде «Алфа» арнайы жасағының жауынгері Үсенбек Ниязбеков оққа ұшқан. Бұған дейін тергеушілер «бөлім командирінің орынбасары Ү.Ниязбековке Калашников автоматынан атылған оқ тиген» дегенді айтқан. Адвокаттың сөзінше, тергеу енді «Драгунов винтовкасынан атылған оқтан өлді, оқты Атамбаевтың жақтастары атты» дегенге әкеле жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін