Атамбаев ауруханадан тергеу изоляторына жеткізілді

Пневмониямен ауырған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы жақсарып, ол қайтадан тергеу изоляторына жеткізілді, - деп хабарлайды 24.kg.

Алматы, NEGE. "Оның жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер консилиумы өтіп, оның қорытындысы бойынша Алмазбек Атамбаевты ҰҚКД тергеу изоляторына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ол тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері.