Атамбаев аштық жариялады

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі 1-ші тергеу изоляторына ауыстырылды, – деп хабарлайды 24.kg.

Алматы, NEGE. Адвокат Замир Жоошевтің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы бұрын өлім жазасына кесілген сотталушылар жатқан жертөлеге орналастырылған.

«Бұл камераға бүгін ғана жылу қосылды. Бөлмеде кәріз жүйесі жұмыс істемейді, есіктер үнемі ашық. Алмазбек Атамбаев аштық жариялады», – деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол Қырғызстан ҰҚК тергеу изоляторында болған. 6 қазанға қараған түні болған тәртіпсіздіктер кезінде ол босатылған. 9 қазанда Атамбаев Ала-Тоо алаңындағы митингіге қатысып, келесі күні тағы да ұсталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған