Атақты спортшы жол апатына ұшырады

«Мэйджор» турнирінің он бес рет чемпионы атанған гольфші Тайгер Вудс Лос-Анджелес қаласында жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Алматы, NEGE. Оның көлігі аударылып, спортшының аяғы ауыр жарақаттанды.

Лос-Анджелес полициясының хабарлауынша, апат болған жерде тағы бір көліктің оқиғаға қатысы барлығы анықталған.

Құтқару қызметкерлеріне Вудсті алып шығу үшін майысқан көлікті кесуге тура келген.

45 жастағы спортшы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?