6 июля 2020 г. 18:29
Атақты композитор Эннио Морриконе қайтыс болды
Италиялық композитор Эннио Морриконе Римде қайтыс болды.
Алматы, NEGE. «Оскар» сыйлығының лауреаты және көптеген Саундтректердің авторы, соның ішінде вестерндер жанрында көптеген еңбек жасаған еді. Ол 91 (1928-2020) жасында өмірмен қош айтысты.
Морриконе дүйсенбі күні түнде Рим клиникаларының бірінде құлап кеткен жарақат салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды италиялық БАҚ. Бұрын ол жамбас сынығымен ауруханаға жатқызылған екен.
Композитор кинематографиядағы және үздік музыкаға көрнекті еңбегі үшін екі рет Оскар алған. Ол италиялық және әлемдік кинематографияға арналған саундтректердің авторы болды.