Атақты футбол клубтары УЕФА-ға 15 млн еуродан төлейді

Еуропалық Суперлигаға қосылуға келісіп, кейін бас тартқан 12 футбол клубының 9-ы УЕФА -ға 15 миллион еуродан төлейді.

Алматы, NEGE. Ерікті түрде алынатын бұл қаражат кәрі құрлықтағы балалар және жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталады. УЕФА шешімі осындай. Әлгі 9 клуб УЕФА аясында өткен әр маусымда жарыстан түсетін кірістің 5 процентінен қағылды. Бұдан басқа, Суперлиганың бұрынғы мүшелері басқа заңсыз турнирлерге қатысуға тағы да талпыныс жасаса, 100 миллион еуро айыппұл төлеуге міндетеме алды. Аталған 12 клубтың арасында испаниялық «Реал», «Барселона», «Атлетико», италиялық «Интер», «Милан», «Ювентус», англиялық «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль», «Челси», «Арсенал» және «Тоттенхэм» болған. Бірақ 9 клуб УЕФА мен жанкүйерлердің наразылығынан соң, шешімдерін өзгертіп, қайта үйірін тапты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?