Атақты бокс чемпионы блогерді НЕГЕ жеңе алмады?
Бес салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмады.
Алматы, NEGE. Жекпе-жек Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium стадионында өтті және сегіз раундқа созылды. Мейвезер бүкіл жекпе-жек барысында жақсы өнер көрсетті, бірақ қарсыласын жеңе алмаған.
«Егер ақша төленсе кімнің нағыз чемпион болатынын көрсетуге болады. Жанкүйерлер мені жақсы біледі. Ешкімге ешнәрсе дәлелдегім келмейді», – деді Мейвезер.
Бұл жекпе-жегі үшін Мейвезердің кепілақысы он миллион доллар болды. Сонымен қатар, ол сатылымнан түсетін ақшаның 50 пайызын алады. Полға келетін болсақ, оның кепілдендірілген ақысы – 250 мың доллар, сонымен қатар ол ақылы эфир сатылымынан он пайызын алады.