«Ата-анасы вакцина алмаған оқушылар мектепке кірмейді»

Елорда мектептерінің бірінің ата-аналар чатында вакцина алмаған ата-аналардың балалары мектепке кіргізілмейтіні туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты қалалық Білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «1 қыркүйектен бастап балалар мектепке барады. Ата-анасы вакцина алмаған балаларды мектепке кіргізбейді. Ата-аналардың бәрін вакцина алуға шақырыңыздар», - делінген WhatsApp арқылы тараған мәліметте.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл мәліметтің фейк екенін мәлімдеп отыр.

«Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Ата-анасы вакцинация қабылдамаған бала 1 қыркүйекте мектепке қабылданбайды деген шешім шыққан жоқ», - деп хабарлады. 

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ