Ата-аналар ауыл мектебінде жоғары сыныптардың жабылуына қарсы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы Долонь мектебінде жоғары сыныптар жабылуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Оқу орны талаптарға сай болмағандықтан, тоғыз жылдық мектепке айналдырылмақ. 10 және 11 сынып оқушылары білімдерін аудандық мектепте жалғастырулары керек. Бірақ жоғары сынып балаларының ата-аналары бұған түбегейлі қарсы. Тым болмағанда білімдерін осы мектепте тәмамдаса деген тілектері бар. Өйткені аудандық мектеп ауылдан 30 шақырымдық жерде орналасқан. Қыс мезгілінде жолдар жабылып қалады. Оған қоса, ата-аналар балаларын интернатқа жібергісі келмей отыр. Бүгінде ауыл мектебінде 75 бала оқиды. 

"Балаларымызды пандемия кезінде интернатқа оқуға жіберуге қорқамыз. 11 жылдық мектебіміздің жұмысы тоқтамаса деймін. Осы мектеп ауылымыздың мәдени орталығы. Біздің оқушылар шығармашылық байқауларда бірінші орындарға ие болады. Ауылымызда қамқоршылықтағы және патронатты тәрбиедегі балалар бар. Олардың да болашағына алаңдаулымыз", - дейді Долонь ауыл тұрғыны Әсия Жұмабекова. 

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты