Ата заңымызға – 25 жыл
Биыл Ата заңымыз – Ел Конституциясына 25 жыл толып отыр. Конституция – ең жоғарғы заңдық күшке ие құжат. Мемлекеттегі саяси және экономикалық реформалар, тұрақтылық пен келісім, оның халықаралық жетістіктері Конституцияда бекітілген қағидаттармен тығыз байланысты. Қазақстанның ширек ғасырлық кезеңдегі әлемдік аренадағы бейбітсүйгіш, бітімгерлік, теңгерімді қарым-қатынасы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену ұмтылысы Конституция баптарындағы құндылықтардың жемісі деп айтуымызға болады, деп жазады strategy2050.kz сайты.