Асу Алмабаев бразилиялық файтерді нокаутпен жеңді

Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев (14-2) Алматыдағы Naiza FC 36 жекпе-жек кешінде Бразилиядан келген Кайк Аленкарды (10-2) ауыр нокаутқа түсірді.

Алматы, NEGE. Бұған дейін сайтымызда «NFC: Бразилиялық файтер шектен шықты» атты ақпарат жарияланған-ды. Кайк Аленкар баспасөз жиынында, көз түйістіру сәтінде де өзіне сенімді болған. Бірақ, шын мықты октагонда анықталды. 

Кештің басты айқастарының бірінде жерлесіміз алғашқы минуттардан бастап белсенді болды.

Нәтижесінде, Алмабаев үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, бразилиялық спортшы карьерасында бірінші рет уақытынан ерте нокаутпен жеңіліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр