AstraZeneca вакцинасы балаларға сыналады

AstraZeneca әзірлеген вакцина балаларға сыналмақ.

 

Алматы, NEGE. Ұлыбританияда AstraZeneca әзірлеген вакцина балаларға сыналатын болды. Оған 300 еріктіні тарту көзделген. Тестілеу Корольдіктің үш қаласында өтеді. Олар: Лондон, Саутгемптон және Бристоль. Ғалымдардың айтуынша, алдыңғы зерттеулер вакцинаның ересектерге қауіпсіз екенін көрсетсе, қазіргі сынақ арқылы препараттың 6-17 жас аралығындағы балаларға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді. Жоспар бойынша алғашқы екпе осы айда егілуі тиіс.

Вакцина әзірлеуші топтың жетекшісі Эндрю Поллард: «Екпе егілгеннен кейін азаматтар бірнеше күн бойы өздерін әлсіз сезінетіндерін білеміз. Енді вакцинаның балаларға қалай әсер ететінін анықтау қажет», – деді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды