17 декабря 2023 г. 9:50

Астананың «Сарыарқа» ауданында газбен қамту жұмыстары қалпына келтірілді

Фото:
Астанада ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты «Сарыарқа» ауданын, нақтырақ айтқанда «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агрогородок» елді мекендерін газбен қамтамасыз ететін басты газ реттеу пунктінде қауіпсіздік клапаны іске қосылды. Бұл туралы kaztransgaz_aimak_ast 

Instagram парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның филиалы шұғыл түрде газды тарату желілеріне жіберу үшін барлық қажетті шараларды қолға алды.

16 желтоқсан күні кешкі сағат 19:00-де аталған елді мекеннің абоненттерінің 80 пайызына газ берілді. Өзге абонетттерге газ кезекпен жіберіліп жатыр.

«Апатты жағдайдың алдын алу үшін тұрғындардан арнайы қызмет өкілдері хабарламай тұрып, газ құрылғысын іске қоспай тұруды сұраймыз. Сондай-ақ газбен байланысты мәселелер тағы да туындайтын болса, 55 89 76 нөміріне хабарласып, болмаса WhatsApp желісіне жазба қалдыру керек. Желіген түскен жазбалар Интергез Орталық Азия мекемесіне хабарланып, өз кезегінде олар арнайы бригадаларға 5 минут ішінде жолданады»,-делінген хабарламада.

Тегтер: