Астананың кейбір супермаркеттерінде 5 келіден артық картоп сатып алуға шектеу қойылды

Астанада «Small» және «Spar» сауда желілерінде 5 келіден артық картоп сатып алуға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Елордада картоптың бағасын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Картоп жетіспеушілігі байқалмайды. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларда жеткілікті көлемде және қор уақтылы толықтырылып отырады», — делінген хабарламада.

Басқарманың хабарлауынша, өнімді жаппай сатып алуды болдырмау және халықты қамту мақсатында «Small» және «Spar» сауда желілерінде картопты сатуға уақытша шектеу енгізілді, яғни бір адамға 5 келіден артық сатылмайды.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады

«Дөңгелек ұшып кетердей»: қарағандылықтар жолдағы терең шұңқырларға шағымдануда

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?