Астананың бес ауданында Республика күніне арналған концерттік бағдарламалар өтеді

Астананың бес ауданында 25 қазан күні сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Сонымен, концерттік бағдарламалар мына орындарда өтеді:

– Алматы ауданы – «Интернациональный» тұрғын алабы;

– Байқоңыр ауданы – «Өндіріс» тұрғын алабы;

– Есіл Ауданы – «Бәйтерек» монументі;

– Нұра ауданы – орталық саябақ;

– Сарыарқа ауданы – қалалық алаң.

Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар қойылады. Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады. Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр