Астананың бас символы – Бәйтеректі жарықсыз қалдырған кім?

Мұнымен қоса сол жағалаудағы бірқатар тұрғын үйде де жарық өшіп қалды

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үйде жарық өшіп қалды. Сонымен қатар Астананың бас символы Бәйтерек те жарықсыз қалды. «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі орын алған жағдайға байланысты түсініктеме берді.

Мекеменің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні «Шұбар» қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілген. Шектеуде үш тарату пункті бар. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болған.

«4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз», - делінген «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады