Астаналық өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды

16 қарашада 10-43-те өрт сөндіру бөлімшелері Б.Момышұлы даңғылы, 14 бойынша пәтердің өртеніп жатқаны туралы кезекті шақыруға шықты.

Алматы, NEGE. Шақыру орнына дереу үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келіп, онда он бес қабатты тұрғын үйдегі 11-қабаттағы 50 шаршы метр аумақтағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқаны, қатты түтін пайда болғаны анықталды. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте адамдарды құтқаруға кіріскен, өйткені жанып жатқан пәтерде көмек сұраған адамдар болды.

Елордалық өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресте өз өмірлерін қатерге тігіп, бес адамды құтқарды, оның ішінде бір бала және он адам эвакуацияланды. Көміртегі тотығымен уланған үш зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде, олардың біреуі бала.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 26 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде үш адамнан тұратын апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және бір техникасы бар.

Өрт шыққан сәтте әр секунд есепке айналады, осыған байланысты құрметті автокөлік иелері кіреберіс жолдарды бөгемеңіздер!