Астаналық қыз бен Мұсабаевтың арасындағы жанжал немен бітті?

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіндегілер сенатор Талғат Мұсабаев пен астаналық қыз арасындағы жанжал қалай аяқталғанын айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Биыл 24 маусымында «102» арнасына Триатлон саябағында жанжал шыққаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен ит иесі арасындағы жанжал үй жануарын тұмылдырықсыз серуендетуге байланысты шыққаны анықталды. Полицияға оқиға орнында шара қолдану туралы жазбаша өтініш түскен жоқ», – деді полиция өкілі. Ведомство шара қабылдау туралы өтініштер түспегенін нақтылады.

Еске салайық, Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртастың қақтығысы 24 маусымда ит серуендеп жүргенде болған. Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген.

Кейін Талғат Мұсабаев мәлімдеме жасады. Сенатордың өзі «негізсіз айптағанын» айтты. 

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады