Астаналық әкім параға 4 млн теңге мен «Айфон» алған

Нұр-Сұлтанда тағы бір әкім істі болды. «Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловке «4 миллион теңге мен құны 550 мың теңгелік «Айфонды» параға алды» деген айып тағылды.

Алматы, NEGE. «Время» газетінің жазуынша, дүйсенбі күні жемқорлыққа қарсы қызмет «Байқоңыр» ауданының әкімі Асқар Есіловті ұстады. Шенеунік өзінің туысынан «4 миллион теңге мен құны 550 мың теңгелік 11Pro 256GB «Айфон» смартфонын алған» деген күдікке ілінді.

Әкімнің ұсталғаны жөнінде ақпарат дүйсенбі күні кешке тараған. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов сейсенбі күні таңертең Телеграмм-арнасында жазды. Ресми органдар үндемеген соң ақпараттың растығына күмән келтіргендер болды.

Алайда, «Время» газетінің тілшісі Асқар Есіловті пара алу үстінде ұстамағанымен, оның 20 қаңтарда тергеу изоляторына қамалғанын анықтады. Белгілі болғандай, жемқорлыққа қарсы қызмет күдікке ілінген Есіловті бірнеше айдан бері бақылауда ұстап жүріпті.

Аудан әкіміне пара мен қымбат сыйлықты өзінің Нұртазин деген туысы берген. Ол 4 миллион теңгені әкімге өткен жылдың 18 қарашасында әкеліп берсе, қымбат смартфонды жуырда ғана сыйлапты.

Тергеу органының мәліметінше, әкімге пара конкурста ұтуға көмектесу үшін берілген. Нұртазинге қатысы бар компания аудан аумағын ретке келтіру үшін 72 миллион теңгенің тапсырысын алған.

Есілов пен Нұртазиннің кінәсі олардың телефон арқылы сөйлескен сөздерінен дәлелденген. Параға берілген смартфон әкімнің үйінен табылған. Смартфонның кепіл талонында сатып алған адамның аты-жөні көрсетіліпті. Ол – Нұртазин. «Есіл» сауда үйіндегі сатушы беттестіру кезінде Нұртазинді таныған. Әкімшілік қызметкерлері де Нұртазин мен Есіловтің байланысы бар екенін бекітіпті.

Енді Асқар Нұртазин ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша, ал Нұртазин 367-баптың 2-бөлігі (пара беру) бойынша жауапқа тартылады.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды