15 июня 2023 г. 12:57
Астаналық әйел жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған
Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірнеше рет шағымдары бойынша рейдтер жүргізді.
Алматы, NEGE. Рейд өткізу барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері, жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жасар әйелді анықтады.
16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған. Аталған фактіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Соттың санкциясымен әйелге қатысты "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы қолданылды.