Астаналық жігіт аялдамада тұрған қызды тонап кеткен

Аялдамада қызды тонап кеткен астаналық жігіт анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Жас қыз аялдамада автобус күтіп тұрған кезде, велосипедпен келе жатқан жігіт кенеттен оның қолынан iPhone телефонын жұлып алып, жасырынған. Тосыннан орын алған оқиғадан кейін қыз орнында тұрып қалған, содан кейін полициядан көмек сұрап жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жас жігітті анықтады. Белгілі болғандай, ол іс-әрекетінің салдарынан қорқып, ұрланған телефонды сындырған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан