23 сентября 2024 г. 16:42

Астаналық оқушылар автокөлік бөлшегін ұрлап кеткен

Фото: Полиция

Астанада өзгенің көлгінен автокөлік бөлшегін ұрлап кеткен екі оқушы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана, NEGE. Полицияға Renault автокөлігінің иесі жүгініп, 150 мың теңгеге сатып алған автокөлік бөлшегінің ұрланғаны туралы хабарлады. Жәбірленуші айтқандай, ол автокөліктің бөлшегін үйінің ауласында қалдырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа 15 және 14 жастағы екі жасөспірімнің қатысы барын анықтады. Кәмелетке толмағандар автобөлшекті алып, оны металл қабылдау орнына өткізген.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар ұрлық жасағанын мойындады, олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, заттай дәлелдеме тәркіленді және иесіне қайтарылды.