Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды.

Оқу-ағарту министрлігі

Астана, NEGE. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Бөрте Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, AP International Diploma иегері атанды. Бұл мақсатқа жету үшін ол 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырған.

Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Сонымен қатар қытай тілін оқып, Advanced Placement бағдарламасы аясында қытай тілінен де емтихан тапсырды. SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық емтихандарында жоғары нәтижелер көрсеткен, сондай-ақ мектеп қабырғасында ғылыми жобалармен айналысқан.

«Мектептің қолдауымен халықаралық ғылыми бағдарламаға іріктеуден өтіп, АҚШ университеті профессорының жетекшілігімен білім алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оқу барысында Бөрте академиялық жүктемені әлеуметтік және шығармашылық бастамалармен ұштастыра білді», – дейді министрліктегілер.

Бөрте Harvard University-ге  жүйелі дайындықтың, тұрақты мотивацияның және тиімді білім беру ортасының нәтижесінде түскенін айтады.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?