Астаналық 7 жасар бала шахматтан әлем чемпионы атанды

Сербияның Врнячка-Баня қаласында мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа қатысқан астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

pexels.com

Алматы, NEGE. Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанды! Турнир бүгін аяқталады, бірақ жас шахматшы өз жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті, – делінген хабарламада.

Оның басты қарсыласы – үндістандық Ом Еш Готтумукалуды бесінші турда жеңуі шешуші рөл атқарды. Сегіз турдан кейін Абдул-Мәлік 8 ұпай жинап, чемпиондық атақты алдын ала иеленді.

Бүгінгі күнгі жарыстың басқа 10 жас санатында да шешуші ойындар өтуде. Жеті санатта қазақстандық шахматшылар алтын медальға үміткер.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады