Астанаға жаңа прокурор тағайындалды

Ерлан Өтегенов Нұр-сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Алматы, NEGE.  "Нұр-сұлтан қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Ерлан Рахымжанұлы Өтегенов тағайындалды",-деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Өтегенов бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданының табиғатты қорғау прокурорының және прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған. 2019 жылдың маусым айынан бастап Нұрсұлтан прокурорының орынбасары қызметін атқарды.