Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылуы мүмкін

Бұл жағдайға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді.

Алматы, NEGE. Болжам бойынша Астана халқының саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетуі керек болған. Алайда тұрғындар саны күрт өсіп кеткен.

Ведомства басшысының айтуынша, халықаралық тәжірибелерге негізделе отырып, шаһар аумағына көшіп келушілер санын шектеу – дұрыс шешім екенін атап өтті.

"Астанаға оқуға, жұмыс істеуге келгендер бар. Мысалы, жұмыс берушілер оларды жұмысқа шақырып, үймен немесе жатақханамен қамтамасыз етсе, оларға шектеу болмайды. Қарсылық болмайды. Сіз Астанаға емделуге немесе қыдыруға келгіңіз келсе, ешқандай қарсылық жоқ. Қайталап айтамын, егер жұмысы болып, оған қажет жағдай жасалса, оған ешқандай кедергі болмайды", - деді министр.