Астанаға қоныс аударғандар көбейіп жатыр

2021 жылы елордаға 31,9 мың адам қоныс аударған. Ал Алматыға 29,3 мың адам көшіп келді.  Былтыр соңғы 4 жылда алғаш рет Нұр-Сұлтан ішкі мигранттар үшін Алматыдан да тартымды болды, деп жазды inbusiness.kz.

Астана. NEGE. Елордадағы 2021 жылғы ішкі көші-қон балансы ­– 31,9 мың адам, ал Алматы қаласының тұрғындары көшіп келушілердің есебінен 29,3 мың адамға өсті.

Бұл ­- 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Алматыда көрсеткіштердің төмендеуіне Алматы (36,2 мыңнан 30,4 мың адамға) және Жамбыл (8 мыңнан 6,5 мың адамға) облыстарынан көшіп келушілер санының төмендеуіне байланысты болды. Басқа қалалардан Алматы облысына (16,5 мыңнан 19,3 мың адамға) және сол Нұр-Сұлтанға (4,66 мыңнан 4,83 мың адамға) қоныс аударғандар саны өсті.

Елордаға келетін болсақ, астана Ақмола ( 1,4 мыңнан 15,1 мың адамға дейін) және Қарағанды ( 0,7 мыңнан 7,3 мың адамға дейін) облыстарының тұрғындары үшін тартымды бола түсті. Нұр-Сұлтаннан көшіп кетушілер саны азайды: 2020 жылмен салыстырғанда 16 облыстың 14-інде халықтың көшіп кету көрсеткіші төмендеді.