Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді

Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Алматы, NEGE. Саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.

Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.