Астанаға 118 млрд теңге инвестиция құйылады

Биыл елордада инвесторлардың есебінен 30-ға жуық жоба іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астана, NEGE. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді. Өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен, білім және логистика салаларын қамтитын жобалар 2 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, қалаға құйылатын жеке инвестиция көлемі 118 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ жазбада шаһар басшысы сырттан қаржы тартуға басымдық беріледі деді. Осы үшін инвесторларды қолдап, қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты