Астанадан Щучинскіге және Павлодар облысына баратын жолдар жабылды
Елімізде бірқатар республикалық жолдар жабылды
Алматы, NEGE. Астанадан Щучинскіге және Павлодар облысына баратын жолдар жабылды. Ikomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін, 23 наурыз сағат 12.30-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» тасжолының 18-231 шақырым аралығындағы учаскесі жабылады.
Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск аралығын қамтитын автожол.
Сонымен қатар бүгін «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» жолының 16-200 шақырымында, яғни елордадан Павлодар облысы шекарасына дейінгі аралықта көлік жүруіне тыйым салынды.
Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран мен жолдың көрінбеуі себеп болған.
Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтан қаласы мен Теміртаудың арасында жол жабылған елді. Кешкісін полиция астанадан шығатын бүкіл жолдар ашылғанын мәлімдеді.