Астанадан Вьетнамға ұшқан ұшақ қайта оралды

VietJet Air әуе компаниясының Нячанг бағытына бет алған рейсі 24 тамыз күні Астанаға қайта оралды, деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 24 тамыз күні болған оқиғаға қатысты экипаж командирі жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін басты назарға алып, әуе кемесін кері қайтару туралы шешім қабылдаған.

— Әуе кемесін әуежайға қайтару туралы шешімді экипаж командирі авиациялық ережелерге сәйкес және жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі үшін қабылдады, — делінген хабарламада.

Әуежай қызметкерлері рейсті қабылдауға толықтай дайын болды. Ұшақ штаттық режимде қонды, қажетті барлық қызметтер жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді