Астанадағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін 08.28-де Тұран даңғылындағы 'Barys City' тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Алматы, NEGE . Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екінші қабаттағы пәтердің балконы жанып жатқаны анықталды.
"Қатты түтін болды. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлығы 16 адам, оның алтауы – бала, сыртқа шығарылды", - делінген хабарламада.
Сағат 09.10-да өрт сөндірілді. Қаза болғандар жоқ.
Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.