Астанадағы қымбат мектептің экс-директоры педофил болған ба?

Британдық Haileybury элиталық мектебінің Астанадағы бөлімшесі директоры болған Джонатан Ульмер 1989-2002 жылдары Эссексте (Англия) қызмет етіп жүрген кезінде кәмелеттік жасқа толмағандарды азғырған деген күдікке ілінген екен. Мұндай адамның Астанадағы мектепке қалай директор болғаны түсініксіз.

Baigenews.kz порталының жазуынша, Джонатан Ульмер 2017-2018 жылдары Haileybury Astana мектебінің директоры болған.

2018 жылы 31 қазанда Haileybury Astana мектебінің қамқорлық кеңесі А атты оқушыдан хат алған. Ол хатта оқушы өзін Ульмердің қалай алдап пәтеріне шақырып сексуалды зорлық көрсеткенін, мұндай әрекет оқушының 13 жасында басталып, үш жылға созылғанын жазған.

2018 жылы 3 желтоқсанда Ульмер Haileybury Astana мектебімен бейбіт келісім жасап, директор қызметінен кеткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады