Астанадағы бокс кеші: Бекзат Нұрдәулетов ресейлік қарсыласын жеңді

Бекзат Нұрдәулетов ресейлік қарсыласын жеңіп, Қазақстан және Әлем құрамасы арасындағы есепті теңестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана, NEGE. Жартылай орта салмақта сынға түскен 2019 жылғы Әлем Чемпионы ресейлік Никита Зоньді 3:0 есебімен жеңді.

Жекпе-жек 6 раундқа созылды. Бекзат төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан және әлем құрамалары арасындағы есеп 3:3 болып, есеп теңесті. 

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан жеңіске жетіп, Асланбек Шымбергенов, Ерасыл Жақпеков пен Серік Теміржанов жеңіліп қалған еді. 

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы