Астанадағы жатақханада шыққан өрттен ғимараттың төбесі құлады

Астананың Алматы ауданы Бұқтырма көшесіндегі үш қабатты көпфункционалды ғимараттың төбесі, шатыры және үшінші қабатындағы бөлмелер өртенді.

ТЖМ

Алматы,Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үшінші қабатта төбе құлап, 40 адам өз бетінше далаға шықты.

Өрт орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруге 7 су оқпаны берілді. Сондай-ақ, өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды.

ТЖМ медицина және апаттар орталығының қызметкерлері тұрғындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетті.

250 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты