Астанадағы сауда үйінен өрт шықты

Астананың Сарыарқа ауданындағы Мәскеу көшесінде орналасқан екі қабатты сауда орталығынан өрт шықты. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. С️ондай-ақ өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада жеткен және алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте дереу газ-түтіннен қорғау қызметі құрылған.

«Келгеннен кейін бірден газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері құрылып, барлау жұмыстары басталды», – деп атап өтті департамент баспасөз қызметі.

ТЖМ хабарлауынша, зардап шеккендер туралы 112-ге ақпарат түспеген. “Нақтыланған мәліметтер бойынша Сарыарқа ауданы Мәскеу көшесі бойындағы екі қабатты сауда үйінің бірінші қабатында лак-бояу бұйымдарын сақтайтын үй-жайда 20 ш.м. алаңда өрт шыққаны анықталды”, – делінген ТЖМ ақпаратында.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр