Астанадағы LRT аумағынан өрт шықты

Астанада өрт сөндірушілер Нұрмағамбетов көшесіндегі аялдама павильонында шыққан өртті сөндірді.

primeminister.kz

Астана, NEGE. 112 пультіне Сарайшық ауданы, Нұрмағамбетов көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасында түтін шыққаны туралы хабар келіп түскен.

Аялдама павильонының жертөлесінде түтін шыққаны анықталды. Электр кабельдері мен құрылыс қалдықтары өртенген.

Өрт сөндірушілер отты жедел сөндіріп, оның көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды